27 Қаз 2023
Жаңалықтар

Ақындар айтысы

2023 жылы 24 қазанда Балалар өнер мектебі базасында  Білім бөлімімен және балалар шығармашылығы үйімен бірлесіп, Қазақ халқының ұлттық құндылығы, шешендік өнер арқылы мәдениеттің баға жетпес мұрасы ретінде айтысты жан-жақты насихаттауға, ұлттық рух пен патриотизмге деген құрмет сезімін тәрбиелеу мақсатында «Ақындар айтысы» атты алғашқы аудандық Фестиваль-байқауын өткізді.

Қарасу өнер мектебінің оқушылары өз өнерлерін ортаға салды, ұлттық аспаптар ансамблі "Самға" жетекшісі Ахметханов А.Б., бишілер тобы " Sandi dans" жетекші Ермағамбетова С.Т., домбырашылар дуэті Ерболат Нұртілеу , Ерболат Нұрсұлтан және домбырашылар ансамблі  жетекшісі Нұртазин Ж.К. Өнер мектебінің намысын қорғаған Балдакаев Ескендір, Ахметханов Айдар Балашаұлы.

Бұл іс-шара, ұлттық әндерді тәрбиелеу арқылы шығармашылық таланттарын ашуға мүмкіндік берді.

Өткізілген іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушылар  грамоталармен, гүлдермен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар