2023 жылы 24 қазанда Балалар өнер мектебі базасында Білім бөлімімен және балалар шығармашылығы үйімен бірлесіп, Қазақ халқының ұлттық құндылығы, шешендік өнер арқылы мәдениеттің баға жетпес мұрасы ретінде айтысты жан-жақты насихаттауға, ұлттық рух пен патриотизмге деген құрмет сезімін тәрбиелеу мақсатында «Ақындар айтысы» атты алғашқы аудандық Фестиваль-байқауын өткізді.
Қарасу өнер мектебінің оқушылары өз өнерлерін ортаға салды, ұлттық аспаптар ансамблі "Самға" жетекшісі Ахметханов А.Б., бишілер тобы " Sandi dans" жетекші Ермағамбетова С.Т., домбырашылар дуэті Ерболат Нұртілеу , Ерболат Нұрсұлтан және домбырашылар ансамблі жетекшісі Нұртазин Ж.К. Өнер мектебінің намысын қорғаған Балдакаев Ескендір, Ахметханов Айдар Балашаұлы.
Бұл іс-шара, ұлттық әндерді тәрбиелеу арқылы шығармашылық таланттарын ашуға мүмкіндік берді.
Өткізілген іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушылар грамоталармен, гүлдермен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.
https://karasudshi.karasu-roo.testim.kz/janalyktar12365/10333-%D0%B0%D2%9B%D1%8B%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D1%80-%D0%B0%D0%B9%D1%82%D1%8B%D1%81%D1%8B.html#sigFreeIdd4229dcc67