Наурыз тек қана берекелі дастархан мен құттықтау ғана емес, сонымен бірге спорттық құрам – қазақтың ұлттық ойындары, онсыз сонау бірде - бір Наурыз тойы өтпеген.
Балалар өнер мектебінің ұстаздары Наурыз мерекесі қарсаңында оқушыларды қазақтың ұлттық ойындарымен таныстыру, ептілік, жылдамдық-күш қасиеттерін дамыту, қазақ халқының тарихымен, салт - дәстүрімен таныстыру мақсатында спорттық іс - шара өткізілді. Бүгін Наурыз мейрамы қарсаңында Балалар өнер мектебінде «Қазақтың ұлттық ойындары» атты оқушыларға арналған іс - шара өтті.
Жүргізушілер балалармен бірге «Бәйге», «Арқан тартыс», «Теңге алу», «Асық ату» ,«Орынды тап» және т.б ойындарды ойнады. Балалар ұйымшылдық, ептілік, жылдамдық, күш, кеңістікті бағдарлау, зерделілік танытты. Барлығында жақсы, мерекелік көңіл-күйде болды.
https://karasudshi.karasu-roo.testim.kz/janalyktar12365/10475-aza-ty-ltty-ojyndary-atty-o-ushylar-a-arnal-an-is-shara-tti.html#sigFreeId4b85fbd455